Halyq Uni логотип
×

Интерпол іздеуінде болған Моңғолия азаматы Қазақстанда ұсталды

Ол Алматы әуежайында қолға түсті

 Қымбат Елтайқызы 05.10.2024 | 15:05
Интерпол іздеуінде болған Моңғолия азаматы Қазақстанда ұсталды
фото: polisia.kz

Қазақстанның тәртіп сақшылары халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерді құрықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Polisia.kz мәліметінше, Алматы қаласының халықаралық әуежайында Интерполдың сұрауымен Моңғолия азаматы ұсталды. Ол ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысқаны, құжаттарды қолдан жасағаны және салық, кедендік төлемдер мен алымдарды төлемеу мақсатында контрабандаға барғаны үшін Польшаның құқық қорғау органдарымен іздеуге жарияланған.

Қылмыстық топ құрамында болған әрі жалған моңғол дипломатиялық құжаттарын қолданған ер адам Польшаға 1,7 млн бумадан астам темекіні заңсыз тасымалдаған. Кедендік алымдардан жалтарған. Осылайша, бұл мемлекетке шамамен 50 000 АҚШ доллары көлемінде шығын келтірген, – делінген ақпаратта.

Құрықталған адам қамауға алынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама