Жаназасы ертең екені белгілі болды
Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Гүлнәр Сиқымбаева өмірден озды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Қаралы хабарды журналист Оралхан Дәуіт әлеуметтік желідегі парағында жеткізіп, өнер иесінің жаназасы ертең оқылатынын айтты.
Қайран, Гүлнәр әпке... Бір ауылда туып-өссек те жүзбе-жүз сөйлесуді Алла Тағалам жазбаған екен. Телефон арқылы талай мәрте әңгімелесіп, сұхбат та алдым. Өте ашық жарқын, керемет жан едіңіз. Өмірден ерте өткен анаңыз туралы жиі айтып, мұңайып қалушы едіңіз. Енді міне, аяқ астынан анаңыздың артынан аттанып кете барыпсыз… Алла Тағалам о дүниеңізді берсін. Ағайын, бүгін белгілі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Сиқымбаева қайтыс болды. Жаназасы ертең Түркістан облысы Төлеби ауданы Жамбыл ауылында өтеді, – деп жазды ол.
Гүлнәр Сиқымбаева – Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы. Ол «Мен саған өкпелемеймiн», «Мен деп ойла», «Бишi қайың», «Қыз-қарағай», «Наркескен» және тағы басқа әндерімен көпшілікке танымал.