Әскерилер елдегі қауіпсіздікке жауап береді
Конго Демократиялық Республикасында қазақстандық бітімгерлер марапатталды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, подполковник Алтынбек Жалмұханов пен майор Батыр Тұяқовқа БҰҰ-ның бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға қосқан үлесі үшін медалі табысталды.
Марапаттау рәсімінде миссия қолбасшысы генерал-майор Кхар Диуф Алтынбек Жалмұхановтың еңбегін, оның өңірдегі ахуалды тұрақтандыруға қосқан үлесін, көшбасшылық қасиеті мен ісіне деген адалдығын атап өтті.
Қазақстандық бітімгерлер БҰҰ-ның Конгодағы тұрақтандыру жөніндегі миссиясы құрамында қызмет етіп жүр.