Жәнібек Әлімханұлы чемпион атағын қорғап қалды
Төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды
Аустралияның Сидней қаласында орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) 25 жастағы жаңазеландиялық боксшы Андрей Михайловичті (21-0, 13 KO) жеңді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын 9-раундта жеңді. Кездесу 12 раундқа жоспарланған болатын. Осылайша, қазақ боксшысы чемпион атағын қорғап қалды.
Айта кетейік, 2023 жылы Жәнібек Әлімханұлы WBO және IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін германиялық Винченцо Гуальтьеримен өткен жекпе-жекте жеңіске жетті. Содан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіби боксшыны құттықтады.
Жәнібек қазақ бокс мектебінің жоғары деңгейі мен мықтылығын әлемге тағы да паш етті. Бұл жеңіс бокспен айналысатын жастарды биік белестерді бағындыруға ынталандырады. Сізге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін. Жеңістен жеңіске жете беріңіз! - деп жазды мемлекет басшысы Twitter парақшасында.