Halyq Uni логотип
×

АЭС бойынша референдум: Бас прокуратура ескерту жасады

Заң бұзудың 24 дерегі тіркелген

 Дәурен Ерболат 04.10.2024 | 15:01
АЭС бойынша референдум: Бас прокуратура ескерту жасады
Фото: Halyq Uni

Бас прокуратура 6 қазанда өтетін референдум кезенінде заң бұзғандар жауапқа тартылатынын ескертті, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев референдум кезінде учаскелік комиссиялардың мүшелеріне ерекше жауапкершілік жүктелетінін еске салды.

Сондай-ақ ол қазақстандықтарға ескерту жасады.

Заңға сәйкес, келесі әрекеттер үшін жаза қарастырылған: азаматтарға басқа адамдар үшін дауыс беруге мүмкіндік беру мақсатында бюллетеньдерді беру, азаматтардың сайлаушы құқығымен танысуын бұзу немесе дауыстарды санау басталғаннан кейін оларға өзгерістер енгізу, референдумның қорытындысы жайлы іс әрекеттерге әкімшілік жауапкершілік көзделген,- деді Жандос Өмірәлиев.

Сонымен қатар кейбір әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік те қарастырылған.

Референдумға қатысу құқығына немесе комиссиялардың жұмысына кедергі жасау, референдум құжаттарын бұрмалау және дауысты дұрыс есептемеу әрекетіне қатысты қылмыстық жауапкершілік бар, - деді бас прокурордың орынбасары.

Оның айтуынша, референдумға дайындық күнінен бастап 24 заң бұзу дерегі тіркелген. Заңды бұзғандар Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Бұған дейін 5 қазаннан бастап реферандум туралы үгіт-насихат жүргізуге болмайтыны хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама