Талапты бұзғандар жауапқа тартылады
Биыл 5 қазаннан бастап реферандум туралы үгіт-насихат жүргізуге болмайды. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Бүгін түнгі сағат 00:00-де үгіт-насихат аяқталады. Бұған дейін үгіт жүргізуге болады. Ертең – тыныштық күні. Сондықтан бүгін сағат 00:00 кейін ешқандай үгіт жүргізуге болмайды. Яғни тыныштық күні және дауыс беру күні үгітке байланысты кез келген әрекетке тыйым салынады. Ол үшін заңда құқықтық жауапкершілік қарастырылған, - деді Нұрлан Әбдіров.
Ол 6 қазанда реферандумға байланыс зерттеу қорытындысын, дауыс беру нәтижесінің болжамын БАҚ-та жариялауға болмайтынын ескертті.
Қоғамдық пікірге сауал салу қорытындысының, референдумға байланысты өзге де зерттеулер, дауыс беру нәтижесінің болжамын дауыс берілетін күні БАҚ-та және онлайн платформаларды жариялауға жол берілмейді. Дауыс беру күні дауыс беруге арналған үй жайда немесе пункте қоғамдық пікірді білу үшін сауалнама жүргізуге де тыйым салынады. Мұны ұмытпаңыздар, - деді төраға.
Айта кетейік, биыл 6 қазанда елімізде АЭС салу мәселесі бойынша референдум өтеді.