Инкубаторда 30 млн жұмыртқа өндіріледі
Жамбыл облысында 4 млрд теңгенің жобасы іске қосылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, кешенді «Алель Агро» АҚ салған. Инкубаторды іске қосу компанияның өңірдегі құс шаруашылығын дамыту жөніндегі ауқымды бағдарламасының бір бөлігі болды. 2022 жылы «Алель Агро» құс фабрикасы, 2023 жылы қуаттылығы жылына 96 мың тонна құрама жем өндіретін зауыт ашылды.
Айта кетсек, Жамбыл облысында 5 ірі құс шаруашылығы кәсіпорны жұмыс істейді. «Әулие-ата Феникс», «Алель-Агро», «Қордай құс» және «БМ Агропродукт» ЖШС құс етін, ал «Аса-Даму» ЖШС жұмыртқа өндірумен айналысады.
Жыл басынан бері өңірде 12,8 мың тонна құс еті өндірілді. Бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,2%-ға артық. Жұмыртқа өндірісінің өсімі 3,0% немесе 89,5 млн жұмыртқа болды. Сондай-ақ, 475,9 тонна құс еті экспортталды.