Қала прокуратурасы ескерту жасады
Елордада заңсыз салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің 37 құрылыс нысаны анықталды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Қала прокуратурасының мәліметінше, биыл 64 құрылыс нысаны бойынша 51 құрылыс салушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ, 12 құрылыс салушыға қатысты қылмыстық істер тергеліп жатыр.
Астана қаласының прокуратурасы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу келесі тәсілдердің бірімен ұйымдастырылатынын еске салады:
Азаматтардың қаражатын басқа тәсілдермен тартуға тыйым салынады (алдын ала брондау шарты, брондау, инвестициялау, талап ету құқығын басқаға беру). Жаңа соғылып жатқан үйден пәтер сатып алмас бұрын, құрылыс салушының сенімділігін тексеріңіз. Ол үшін салынып жатқан объектілерге кепілдік беру шарттарының тізілімімен («Кепілдік объектілері» қойындысы), сондай-ақ Қазақстан тұрғын үй компаниясы шығарған кепілдік сертификаттарымен танысу қажет, – делінген прокуратура хабарламасында.
Жосықсыз құрылысшыға тап болған жағдайда 71-24-87 нөміріне қоңырау шалуға кеңес беріледі.