Жер ресурстарын басқару комитетінің талабы сотта қанағаттандырылды
Алматыда ұзақ уақыт пайдаланылмаған жер учаскесі сот шешімімен тәркіленді, деп хабарлайды Halyq Uni.
АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің Алматы қаласының Жер ресурстарын басқару департаменті Медеу ауданының Бесағаш ауылдық округінде орналасқан ауданы 0,56 гектар жер учаскесіне тексеру жүргізді. Жер учаскесі техникалық қызмет көрсету станциясын, автокөлік жууды, жанармай құю станциясын және қонақ үй салуға арналған.
Тексеру барысында бұл аталған жер нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмағаны және қараусыз қалғаны анықталды. Департамент оны алып қою туралы сотқа талап қоюға бастамашылық жасады.
Алматы қаласы сотының шешімімен талап толық көлемде қанағаттандырылды.