Тексеріс заңсыз деп танылды
Ақмола облысында прокуратура кәсіпкерге заңсыз салық салынғанын анықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Бұланды ауданы прокуратурасының мобильді тобына компания басшысы көмек сұрап келген. Ол ЖШС-ның банк шоты бұғатталғанын айтқан.
Тексеріс барысында бақылау органы ЖШС-ны тағайындау, тексеру нәтижелері туралы актілермен, сондай-ақ шығарылған нұсқамамен таныстырмағанын анықтады.
Бұдан кейін материалдар банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру жолымен 20-еселенген салықты мәжбүрлеп өндіріп алу шарасын қабылдау үшін мемлекеттік кіріс органына жіберілді.
Прокуратураның қадағалау актісі бойынша тексеріс заңсыз деп танылды және оның күші жойылды. Заңсыз салынған салық, яғни 700 мың теңгеден асатын сома кәсіпкерге қайтарылды, - деп жазылған облыстық прокуратура таратқан хабарламада.