×

Маймыл шешегінің неліктен балаларға ауыр тиетіні түсіндірілді

Ауру дұрыс тамақтанбайтын әлсіз немесе даму ерекшеліктерінде кінарат бар балаларда ауыр өтуі мүмкін

 Қанат Атаманов 13.06.2022 | 07:30
Фото: ашық дереккөздерден

Балалардың иммунитеті әлсіз болғандықтан маймыл шешегі ауыр өтуі мүмкін. Бұл пікірді ресейліквирусолог, Н.Ф.Гамалеяатындағы эпидемиология және микробиология ғылыми орталығының бас ғылыми қызметкері Анатолий Альтштейн айтты.

10 маусым күні Роспотребнадзор жариялаған «Маймыл шешегінің пайда болуы мен таралуын болдырмауға бағытталған эпидемияға қарсы шаралар» әдістемелік ұсыныстарына сәйкес, кейбір жағдайларда бұл ауру балаларға ауыр тиеді.

Балалар көптеген ауруды ересектерге қарағанда ауыр қабылдайды. Ал кейбір ауруларды керісінше оңай жеңеді. Маймыл шешегіне келетін болсақ, ол кішкентай балаларға ауыр тиюі мүмкін. Балалар ағзасының иммунитеті әлсіз, аз қорғалған, – деді Анатолий Альтштейн.

Аса қауіпті инфекциялар жөніндегі маман, иммунолог дәрігер, медицина ғылымдарының докторы Владислав Жемчугов ДДСҰ ұсынымдарындағы тиісті нұсқаулар балалар арасында кездесетін маймыл шешегіне көбірек назар аудару қажеттілігімен байланысты деп болжайды.

Сондай-ақ ол балаларда бұл ауру қалай өтетінін сипаттау үшін әлі де зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет екенін айтты. Дегенмен, ауру дұрыс тамақтанбайтын әлсіз немесе даму ерекшеліктерінде кінарат бар балаларда ауыр өтуі мүмкін.

«Біз балалардың тұмау жұқтырғанда қатты ауыратынын білеміз, өйткені олардың иммунитеті әлі қалыптасып үлгермеген. Иммунитет жылдар бойы дамып, қалыптасады. Егер жыл сайын тұмау әртүрлі болса, онда адамның ағзасында әртүрлі антиденелер болады. Кросс-иммунитет болғандықтан, ересек адамдар кез келген тұмауды оңай өткереді, өйткені оларда белгілі бір иммунологиялық жады қалыптасқан. Егер балаларда кез келген ауруға қатысты иммунологиялық жады болмаса, онда ауру ауыр өтеді», – дейді Владислав Жемчугов.

Еске салсақ, Қазақстанда маймыл шешегін жұқтырған науқас тіркелген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама