Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарды әскерге шақыратын видео жариялады
Әскерде сарбаз құрыштай шыңдалады
Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарды әскерге шақыруға үндейтін видео жариялады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Әскер – өмір мектебі. Онда ер азаматтың қанаты қатайып, құрыштай шыңдалады. Олай болса, сен де қатарыңнан қалма! Нағыз ел қорғаны бол!, - деп жазылған видеоның сипаттамасында.
Бұған дейін Қазақстан әскерінде өлім-жітім жиілегені хабарланған еді.
Сондай-ақ Ақтауда әскери қызметкер өзіне қол жұмсағаны жазылған болатын.
Сондай-ақ министрлік ата-аналарды әскердегі балаларына ақша бермеуге шақырған.