Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды
Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысының өкімімен Марат Шәдетханұлы Қожаев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Марат Қожаев 1964 жылы 23 ақпанда туған. Білімі жоғары, 1989 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін, 2001 жылы ҚР ІІМ Академиясын тәмамдаған.
Мансабы:
- 1984 жылдан – Алматы облысы ІІБ Қаскелең ауданының ІІБ уақытша ұстау изоляторының милиционері;
- 1989 жылдан 2001 жылға дейін тергеу қызметінде, оның ішінде Алматы облысы ІІБ басшылық лауазымдарында жұмыс істеді;
- 2004 жылдан 2009 жылға дейін – Алматы қаласы ІІД бастығының орынбасары
- 2012 жылғы ақпаннан бастап – Қазақстан Республикасы ІІМ Тергеу комитетінің төрағасы;
- 2014 жылдың қыркүйегінен – Павлодар облысы ІІД бастығы;
- 2017 жылғы желтоқсаннан бастап – Нұр-сұлтан қаласы ПД бастығы;
- 2019 жылғы 6 сәуірден бастап – ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары.
Қызметте жеткен жетістіктері үшін ІІМ басшылығымен бірнеше рет көтермеленген, 2-ші дәрежелі «Айбын» (2013) орденімен және 7 медальмен марапатталған.