«Пайызсыз баспана» қаржылық пирамидасын ұйымдастырушылар сотталды

Динара Амантай

Олар салымшыларды әлеуметтік желі арқылы тартқан

Фото: Halyq Uni

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен қаржылық пирамида құру және оған басшылық етумен «Пайызсыз Баспана» тұрғын үй ұйымының басшысы мен қызметкерлері 3 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Сот талқылауы барысында айыпталушылар Шымкент, Алматы және Астанада 2019-2021 жылдары аралығында Instagram әлеуметтік желісі арқылы салымшыларды тартып, төмен бағамен баспана беруге уәде берген.

Қылмыстық схемаға сәйкес бұдан әрі салымшылардың қаражатына өздерінің қажеттілігі үшін жылжымалы және жылжымайтын мүліктер алғандары анықталды. Олар 134 жәбірленушіге 171 млн теңгеден астам көлемде залал келтірген, – делінген прокуратура хабарламасында.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.