Екі ел арасында сауда байланысы нығайған
Беларусь президенті Александр Лукашенко Қазақстанның Беларусьтегі елшісі Тимур Жақсылықовқа сенім грамотасын тапсырды, деп хабарлайды Halyq Uni.
СІМ дерегінше, Беларусьтегі Тәуелсіздік сарайында өткен салтанатты рәсімде Александр Лукашенко Қазақстан Беларусь үшін маңызды стратегиялық серіктес және одақтас екенін мәлімдеді.
Қос ел арасындағы ынтымақтастықтың жоғары динамикасы жыл сайынғы млрд-таған тауар айналымы мен өнеркәсіп кооперациясындағы табысты жобалардан көрінеді, - деді президент.
Александр Лукашенко Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ҚР Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі барысында Беларуське көрсеткен жан-жақты қолдауы үшін алғыс айтты.
Салтанатты рәсім соңында Беларусь президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа сәлем айтып, Қазақстан елшісіне сәттілік тіледі.