Арна сот шешімімен бұғатталды
Telegram арқылы 70-ке жуық адамға өзіне қол салуға бұйрық берілген, деп хабарлайды Halyq Uni.
Алматы прокуратурасының мәліметінше, суицид жасауға итермелейтін контенті бар Telegram арнасын бұғаттау шараларын қабылданған. Тексеру барысында 67 оқырман әкімшіліктен суицидке бағытталған рөлдік командалар алғаны анықталды.
2024 жылы 23 қыркүйекте сот Алмалы ауданы прокурорының деструктивті чатқа тыйым салу туралы талабын қанағаттандырды. Сот шешімі дереу Мәдениет және ақпарат министрлігіне орындауға жолданды, – делінген прокуратура хабарламасында.
Прокуратура ата-аналарға күдікті контент анықталған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгіну қажеттігін ескертті.