Мектепке дейінгі ұйымдардың үздік педагогтері анықталды

Динара Амантай

Байқауға 200-ден аса адам қатысты

Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Мұғалімдер күні қарсаңында «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогы» республикалық байқауының қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, байқауға еліміздің барлық өңірінен мектепке дейінгі білім берудің 227 педагогы қатысқан.

Бірінші турда қатысушылар өздерінің портфолиоларын ұсынып, «Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мен тәрбиелеудегі заманауи педагогтың рөлі» тақырыбында эссе жазды, сондай-ақ жұмыс күнінен бейнематериалдар көрсетті. Екінші турда қатысушылар өздерінің оқыту және тәрбиелеу әдістемесін таныстырды.

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлде Батыс Қазақстан облысынан келген балабақша тәрбиешісі Айжан Нұрсейітоваға бұйырды.

  • І орынды Батыс Қазақстан облысының № 3 «Елочка» балабақшасының тәрбиешісі З.Орынғалиева, Қызылорда облысының № 19 санаторий-балабақшасының тәрбиешісі Э. Абдуайтова және Ақмола облысының «Жұлдыз» балабақшасының дене шынықтыру нұсқаушысы А. Ғабидуллина иеленді.
  • II орынды Қарағанды облысының «Балдырған» арнайы балабақшасының логопед-мұғалімі Е.Дегтярева, Тараз қаласының № 8 бөбекжай-бақшасының қазақ тілі педагогы Б. Үмбетова, Шығыс Қазақстан облысының «Еңлік» бөбекжай-бақшасының музыкалық жетекшісі А. Бекшойнова иеленді.
  • III орынға Қостанай облысының № 15 бөбекжай тәрбиешісі Т. Кудрявцева, Жетісу облысының «Арай» балабақшасының тәрбиешісі А.Душабаева, Павлодар облысының № 8 балабақшасының тәрбиешісі М. Сырымбаева және Ұлытау облысының «Ақерке» бөбекжайының тәрбиешісі С. Ибрагимова лайық деп танылды.

Сондай-ақ, жеңімпаздарға «Шебер педагог», «Креативті педагог», «Өнерлі педагог» және «Жаңашыл педагог» арнайы номинациялары табысталды.