Halyq Uni логотип
×

Референдумға байланысты полиция күшейтілген режимге көшті

Мамандардың жартысынан көбі осы шараға жұмылдырылады

 Қымбат Елтайқызы 03.10.2024 | 15:20
Референдумға байланысты полиция күшейтілген режимге көшті
фото: Halyq Uni

Референдумға байланысты тәртіп сақшылары күшейтілген жұмыс режиміне көшті, деп хабарлайды Halyq Uni.

ІІМ мәліметінше, бүгіннен бастап ішкі істер органдарының жеке құрамы қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына ауысты.

Полиция қызметкерлері дауыс беру бюллетеньдері жеткізілген сәттен бастап учаскелер маңында қызмет етеді. Сондай-ақ, олар дауыс беру құжаттамасын жеткізуге атсалысады, – деп қосты ведомство.

Ел бойынша қоғамдық тәртіпті 33 мыңға жуық қызметкер қамтамасыз етеді, оның 18 мыңы сайлау учаскелерінде болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама