Өрттің себебі анықталып жатыр
Риддер қаласында бес қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 7 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Halyq Uni.
ТЖМ мәліметінше, қаладағы Абай көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің 2-қабатындағы пәтерден өрт шыққан. Онда тұрмыстық техника жанған.
ТЖД мамандары тұрғын үйден 7 адамды, оның ішінде 2 бала эвакуациялады.
Өрт жедел түрде сөндірілді. Оқыс оқиғадан зардап шеккендер жоқ.