×

Риддерде бес қабатты тұрғын үй өртеніп, адамдар құтқарылды

Өрттің себебі анықталып жатыр

 Дәурен Ерболат 03.10.2024 | 15:03
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Риддер қаласында бес қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 7 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Halyq Uni.

ТЖМ мәліметінше, қаладағы Абай көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің 2-қабатындағы пәтерден өрт шыққан. Онда тұрмыстық техника жанған.

ТЖД мамандары тұрғын үйден 7 адамды, оның ішінде 2 бала эвакуациялады.

Өрт жедел түрде сөндірілді. Оқыс оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама