×

Суданда 16 мың қой алып бара жатқан кеме суға батты

Әуелде кеменің тек 9 мың бас малды тасымалдай алатыны айтылған

 Қанат Атаманов 13.06.2022 | 05:30
Фото: ашық дереккөздерден

Шығыс Африкадағы Суданның Суакин айлағының билігі Қызыл теңізге экологиялық қауіп төніп тұрғанын мәлім етті. Бұл өте көп мөлшерде мал алып бара жатқан кеменің суға кетуімен байланысты болып отыр.

 Кемеде Сауд Арабиясына жеткізілуі тиіс 15 800 қой бар болатын. Алайда, шамадан тыс ауыр салмақты көтере алмаған кеме су түбіне кетті. Оқиға 11 маусым күні кешке болды.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының кейбірінің есебі бойынша, малдан келген шығын 4 млн АҚШ долларын құрап отыр. Кеменің қуаты мұндай салмаққа есептелмеген. Әуелде кеменің тек 9 мың бас малды тасымалдай алатыны айтылған.

Суакин айлағы Суданның солтүстік-шығысында, Қызыл теңіздің жағасында орналасқан. Қазір ол елдегі екінші маңыздағы порт.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама