Есірткі бизнесін ұйымдастырушыларға қатысты қатаң шара қабылданады
Есірткі бизнесін ұйымдастырушыларға қатысты қатаң шара қабылдау тапсырылды. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов жазды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Қылмыстық әлемнің киберкеңістікті пайдалануы елдегі есірткімен байланысты жағдайға ықпал етуде. Прокурорларға уәкілетті және құқық қорғау органдарымен бірге есірткі бизнесін ұйымдастырушыларға қатысты қатаң шара қабылдап, онлайн-платформалар бойынша жұмысты жандандыруды тапсырдым, – деп жазды Берік Асылов.
Еске сала кетсек, бұған дейін Абай облысында 10 млн теңгенің есірткісі бар қойма анықталғанын хабарлаған болатынбыз. Күдікті бұрын сотталған 40 жастағы семейлік болып шықты. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 66 келіден астам кептірілген марихуана екені анықталды.