×

Тоқаев Оңтүстік Корея президентін құттықтады

Корей халқы Ұлттық күнін атап өтіп жатыр

 Динара Амантай 03.10.2024 | 10:27
Фото: Halyq Uni

Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының президенті Юн Сок Ёл мен корей халқын Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Президент жеделхатында Кореяны экономикалық және технологиялық дамуда зор жетістіктерге қол жеткізген мемлекет ретінде атап өтіп, екі ел арасындағы қарым-қатынас стратегиялық серіктестік рухында нығайып келе жатқанына тоқталды. Сонымен қатар дәстүрлі достық пен берік байланысқа негізделген қазақ-корей ықпалдастығы халықтардың игілігі үшін одан әрі жандана беретініне сенім білдірді.

Мемлекет басшысы Корея Республикасы президентінің жауапты қызметіне толағай табыс, достас корей халқына құт-береке тіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама