Halyq Uni логотип
×

Астананың бас санитар дәрігері тағайындалды

Ол ұжымға таныстырылды

 Қымбат Елтайқызы 03.10.2024 | 09:49
Астананың бас санитар дәрігері тағайындалды
фото: Астана әкімдігі

Денсаулық сақтау министрлігі аппараты басшысының бұйрығымен Айгүл Қошмұхаметқызы Шағалтаева елорданың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Жергілікті әкімдік мәліметінше, Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова жаңа басшыны ұжымға таныстырып, қызметіне табыс тіледі.

АЙГҮЛ ШАҒАЛТАЕВА

1968 жылдың 26 шілдесінде Қарағанды облысында дүние келген.

1993 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институты, гигиенист-эпидемиолог дәрігері мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек жолын 1993 жылы Ақмола қаласы санитарлық-эпидемиологиялық станциясының санитар дәрігері болып бастады;

1998 жылдан 2001 жылға дейін Астана қаласы санитарлық-эпидемиологиялық станциясының санитарлық бөлімінің меңгерушісі;

2001 жылдан 2003 жылға дейін Астана қаласы санитарлық-эпидемиологиялық басқармасының санитарлық дәрігері;

2003 жылдан 2005 жылға дейін Астана қаласы медициналық колледжінің оқытушысы;

2005 жылдан 2007 жылға дейін Астана қаласы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің құрылыс және объектілерді қайта құру бөлімінің бас маманы;

2007 жылдан 2014 жылға дейін Астана қаласы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің емдеу профилактикалық объектілерге бақылау және дезинфекциялау, стерилизациялау іс-шараларын жүргізу бөлімінің бастығы;

2014 жылдан 2017 жылға дейін Ұлттық экономика министірлігі Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша Тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті ішкі ауруханалар инфекциясын эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы;

2017-2019 жылдар аралығында Денсаулық сақтау министірлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары;

2019 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Астана қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама