Алматыда 7 қазаннан бастап әлеуметтік нысандарға жылу беріледі
Былтыр жылу 10 қазанда беріле бастаған
Алматыда 7-11 қазан аралығында нысандарды орталықтандырылған жылытуға кезең-кезеңімен қосу басталады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Қала әкімдігінің мәліметінше, әуелі жылу балабақшалар, мектептер және медициналық мекемелер сияқты әлеуметтік нысандарға беріледі. Маусымға дайындық деңгейі – 99%.
Ақпаратқа сәйкес, қала әкімінің тапсырмасымен алты ауданда 20 шақырым жылу желісі жаңартылды. Жүйедегі жүктемені теңестіру үшін 69 сорғы бекеті мен және 24 аккумуляторлық бак дайындалды. Төтенше жағдай кезінде 16 жөндеу бригадасы мен 56 техника жұмылдырылады.
Егер бес күн қатарынан температура +8 градусқа дейін төмендесе, жылыту маусымы 15 қазанда басталады. Былтыр жылу 10 қазанда беріле бастаған. Жылу кезең-кезеңімен беріліп, алдымен әлеуметтік нысандар, кейін басқа ғимараттар қамтылады.