Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады
«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге жасалған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында ауа райы жаңбырлы болады.
Кезекті солтүстік-батыс антициклоны Қазақстанның басым бөлігіне өз ықпалын тигізеді, ауа салқындайды және негізінен жауын-шашынсыз болады деп болжанып отыр.
Тек еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
3 қазанда оңтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.
Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі.
Республиканың солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында түнгі уақытта ауа температурасы -2-8 градус аязға дейін төмендейді.