Елімізде Атомжан, Атомбек, Атомтайлар тұрады
Бұл есім иелерінің 80 пайызы – 47 жастан асқан
Қазақстанда Атом есімді 5 адам тұратын болып шықты. Олардың ең кішісі – 3 жаста, ал үлкені – 66 жаста, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Атом есімін иеленген қазақстандықтар Ақмола, Қостанай облыстарында, сондай-ақ Алматы, Астана қалаларында тұрады.
Сонымен қатар құрамында «атом» сөзі бар мынадай есімдер де кездеседі:
- Атомжан – 2 адам;
- Атомбек – 6 адам;
- Атомвек – 2 адам;
- Атомтай – 1 адам.
Бұл есім иелерінің 80 пайызы – 47 жастан асқан және Қазақстанның 11 өңірінде тұрады.
Еске сала кетсек, 2 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев атом электр стансасы (АЭС) құрылысы бойынша 6 қазанда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойған болатын. 3 қыркүйекте Орталық сайлау комиссиясының отырысында АЭС салу бойынша референдум өткізудің күнтізбесі бекітілді.
Сондай-ақ бұған дейін Орталық сайлау комиссиясының өкілдері Қазақстанда АЭС салу бойынша референдумды ұйымдастыруға және өткізуге 15,5 млрд теңге жұмсалатынын мәлімдеген еді.