Агрессорға айналған Ресейге қарсы қысымды күшейту керек
Дания астанасы – Копенгагенде Демократияны қолдау форумында видеоүндеу жасаған Украина президенті Владимир Зеленский соғыс басталғалы бері демократиялық елдер сөзбен ғана емес, нақты іспен көмек көрсетіп жатқанын айтты. Сонымен қатар Зеленский агрессорға айналған Ресейге қарсы қысымды күшейту керек екенін айтты.
Владимир Зеленский самитте жасаған видеоүндеуінде соңғы жылдары Кремль халықаралық заңдар мен келсімшарттарды толықтай бұзып, демократиялық құндылықты ту етіп көтерген Батыс елдеріне үлкен қауіп-қатер төндіргенін алға тартты.
Ресей соғыс басталғалы бері 400-ге жуық халықаралық келсімді бұзып, таза агрессор елге айналды. Ресей БҰҰ-ның Жарғысын. БҰҰ-ның терроризмді қаржыландыруды қарсы Конвенциясын, БҰҰ-ның соғыс кезіне мәдени құндылықтарын қорғау Конвенциясын, Еуропаның адам құқығын қорғау конвенциясын, Хельсинк хаттамасын, Будапешт меморандумын, Еуропалық кеңестің Жарғысын айықасты еткенін көзіміз керді. Сол себепті ЕуроОдақ елдері Ресейге қарсы санкцияларын күшейтіп, экономикалық қысымға алуы керек, – деді Владимир Зеленский.