Halyq Uni логотип
×

ҰҚК қару-жарақ өткізу арнасының жолын кесті

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару да табылды

 Қымбат Елтайқызы 02.10.2024 | 16:00
ҰҚК қару-жарақ өткізу арнасының жолын кесті
фото: ҰҚК

Биылғы 20 қыркүйекте Жетісу облысы бойынша ҰҚК департаменті облыстық прокуратура және полиция органдарының көмегімен жергілікті тұрғындар ұйымдастырған атыс қаруын өткізу арнасының жолын кесті, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, Қазақстанның 3 азаматы ұсталып, олардан 5 атыс қаруы мен әр түрлі калибрдегі 128 патрон алынды. Екі қарудың 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде қару сататын дүкендерден ұрланғаны белгілі болды.

Қылмыстық кодекстің 287-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Ұсталған адамдардың өзге де қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама