Halyq Uni логотип
×

СҚО-да бірнеше шенеунік жауапқа тартылды

Заңсыз берілген куәліктер жойылды

 Динара Амантай 02.10.2024 | 14:51
СҚО-да бірнеше шенеунік жауапқа тартылды
Фото: Halyq Uni

СҚО прокурорлары ауыл шаруашылығы техникасын басқаруға заңсыз куәліктер беру фактілерін анықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Талдау жүргізу барысында қадағалау органы көліктерді басқару құқығын, қолданыстағы заңнама талаптарын өрескел бұза отырып, заңсыз беру фактілерін анықталды.

Ғабит Мүсірепов ауданының Ауыл шаруашылығы бөлімінің лауазымды қызметкері аудандық соттың 2023 жылғы 22 тамыздағы қаулысымен көлікті басқару құқығынан айырылған «Б» есімді азаматқа, «Жол қозғалысы туралы» Заңның талаптарына қайшы түрде, биылғы сәуірінде тракторшы-машинист куәлігін заңсыз берген, – делінген прокуратура хабарламасында.

Осыған ұқсас бұзушылықтар Айыртау, Есіл, Қызылжар, Мамлют, Шал ақын, Тимирязев, Уәлиханов аудандарының және Петропавл қаласының Ауыл шаруашылығы бөлімдерінде анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша аталған іске қатысты лауазымды қызметкерлер жауапқа тартылып, берілген 2 тракторист-машинист куәліктері уәкілетті орган тарапынан тәркіленіп, жойылды. Қалған 12 куәлікті жарамсыз деп тану бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама