×

Тоқаев көшпенділер ойындарының ұйымдастырушыларын марапаттады

Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойды

 Динара Амантай 02.10.2024 | 11:06
Фото: Halyq Uni

Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына атсалысқан азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қазақстан Республикасы президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Астана қаласында өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлдегерлері, олардың жаттықтырушылары, сондай-ақ халықаралық спорт шарасын ұйымдастыруға және өткізуге ерекше үлес қосқан азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды, – делінген Ақорда хабарламасында.

Атап айтқанда, 1 адам «Парасат» орденінің және 7 азамат «Құрмет» орденінің кавалері атанды. «Ерен еңбегі үшін» медалі 85, ал «Шапағат» медалі 5 адамға берілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама