Қос мемлекет қылмысқа қарсы бірігіп күреспек
Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан мен Қатар арасындағы ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы» заңның жобасын қарауға алды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Снежанна Имашева құжаттың маңызын түсіндірді.
Келісімге 2024 жылғы 14 ақпанда Дохада қол қойылды. Ол екі тараптың құзыретті органдар арасындағы тараптардың аумағында анықталған адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту немесе сот үкімін орындау үшін экстрадициялау бойынша өзара қарым-қатынасты реттеуге бағытталған. Шарт екі елдің қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастығының тиімділігін арттырады. Комитет заң жобасын жұмысқа алуға дайын, - деді депутат.
Дауыс беру нәтижесінде депутаттар заң жобасын қарауға алды.