БҚО-да алаяқтар үлескерлердің 500 млн теңгеге жуық қаржысын қолды қылған

Динара Амантай

Олар әлеуметтік желіде жалған ақпарат орналастырған

Фото: Halyq Uni

БҚО-да жосықсыз құрылыс салушылар бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, сотта айыпталушылар жәбірленушілермен азаматтық-құқықтық қарым-қатынастың бар екенін алға тартып, кінәсін мойындамаған. Алайда сот айыпталушыларды кінәлі деп тауып, 6 және 7 жылға бас бостандығынан айырды.

Сотта анықталғандай, алаяқтар өз міндеттемелерін орындағысы келмей, азаматтардан ақша алу үшін арнайы схемаларды қолданған. Олар әлеуметтік желілерде, сондай-ақ әртүрлі интернет-жарнама платформаларында таунхаустар салу бойынша жалған ақпарат орналастырған. Кәсіпкерлік қызметтің көрінісін жасай отырып, сотталушыларда жер телімдері жоқ бола тұра тұтынушылардан қаражат алып отыған.

Алаяқтар 32 жәбірленушіге 490 мың 888 мың теңге көлемінде шығын келтірілген. Сот үкімімен жәбірленушілердің пайдасына толық көлемде өндірілді.