×

Түркістан облысында 125 шақырым канал қалпына келтіріледі

Қазір каналдың 42 шақырымы толық бетондалды

 Динара Амантай 02.10.2024 | 09:21
Фото: Halyq Uni

Түркістан облысында жалпы ұзындығы 125 шақырымнан асатын 13 канал реконструкциядан өтіп жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, өңірдегі «Қазсушар» филиалы Түлкібас ауданында жалпы ұзындығы 125 шақырымнан асатын қолданыстағы 13 каналды қалпына келтіру жобасын іске асырып жатыр. Қазір каналдың 42 шақырымы толық бетондалды.

Кешенді қайта жаңғыртудың негізгі мақсаты – Түлкібас ауданындағы қолданыстағы және жаңадан игерілетін 8600 гектарға жуық егіс алқабын суармалы сумен тұрақты қамтамасыз ету.

Мердігер мекеме реконструкциялау жұмыстарын жыл соңына дейін толық аяқтауды жоспарлап отыр.

Құрылыс жұмыстарын мерзімінде аяқтау үшін каналға темірбетон плиталарын төсейтін боламыз. Бұл канал салу және реконструкциялау тәжірибесіндегі тиімді тәсіл болып табылады, – деді Түркістан облысы бойынша «Қазсушар» филиалының директоры Қазыбек Бедебаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама