Тұрғын үйде жиһаз жанды
Қарағанды облысы Теміртау қаласында өрт сөндірушілер жойқын жарылыстың алдын алды, деп хабарлайды Halyq Uni.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін Момышұлы даңғылындағы 6 қабатты тұрғын үйдің 5-қабатындағы пәтерде 8 шаршы метр алаңда үй заттары мен жиһаз өрттенген.
Өрт сөндірушілер шақырту орнына дереу барып, өртті уақтылы ауыздықтады. Ақпаратқа сәйкес, өрт құрбандары мен зардап шеккендер жоқ.
Өртті сөндіру барысында пәтерден 2 газ баллоны шығарылып, жойқын жарылыстың алды алынды.