×

Польша депутаты Батыс елдерін Украинаға ядролық қару беруге шақырды

Батыс елдері өз тәуелсіздігін қорғау үшін Украинаны ядролық қарумен қамтамасыз ете алады

 Қанат Атаманов 12.06.2022 | 23:00
Фото: ашық дереккөздерден

Espresso TV эфирінде сұхбат берген Еуропарламент депутаты Радослав Сикорский Батыстың Украинаға ядролық қару беруге құқығы бар екенін мәлімдеді.

Польшаның бұрынғы сыртқы істер министрі Радослав Сикорски Батыс елдері өз тәуелсіздігін қорғау үшін Украинаны ядролық қарумен қамтамасыз ете алады деп ойлайды. Ол Будапешт меморандумының ережелеріне тоқтала келе, оған сәйкес Украина қауіпсіздік кепілдігінің орнына ядролық қарудан бас тартқанын алға тартты.

Саясаткердің пікірінше, Ресей құжатта бекітілген міндеттемелерді бұзған.

1994 жылы Будапешт меморандумына қол қойылғаннан кейін Украина өзінің ядролық әлеуетінен бас тартты. Бүгінде ресейліктер де, кейбіреулер де бұл кепілдік емес деп айтады, бірақ бәрі сол кезде Украинаның КСРО кезінен бері қалыптасқан шекарада тәуелсіз ел болатынын түсінді. Бірақ Ресей осы Будапешт меморандумын бұзғандықтан, мен Батыс ретінде біздің Украинаға ядролық оқтұмсық беруге құқығымыз бар деп ойлаймын. Бұл оның өз тәуелсіздігін қорғай алуы үшін қажет, – деді Радослав Сикорский.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама