Тақтаны ұшыруға Ресей Ғарыш агенттігі көмектескен
Дүниежүізілік көшпенділер ойындары қарсаңында Туризм және спорт министрлігі тоғызқұмалақ тақтасының ғарышқа ұшқанын мәлімдеген еді. Министрлік NEGE порталына «ғарыш сапарының» құны қанша теңге болғанын айтып берген, деп хабарлайды Halyq Uni.
Тақта 9 қыркүйекте ғарышқа ұшып кеткен болатын. Миссиясы аяқталған соң жерге қайта оралды.
Бұл – ерекше оқиға. Өйткені тоғызқұмалақ – ғарышта болып келген тұңғыш ұлттық ойынымыз, – делінген министрлік ақпаратында.
Тақтаны ұшыруға Ресей Ғарыш агенттігі көмектескен.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Сіздің сұрауыңыз бойынша келесіні хабарлайды. Тоғызқұмалақ тақтасын ғарышқа жіберу үшін «Тоғызқұмалақ федерациясы» ЗТБ Ресей ғарыш агенттігінің «Стратонавтика оператор стратосферных полетов» қосалқы мердігер компаниясымен келіссөздер жүргізіп, іске асырды. Тоғызқұмалақ тақтасын ғарышқа апарып келу үшін «Жаңа пост» компаниясының демеушілігімен 2 628 000 (екі миллион алты жүз жиырма сегіз мың) теңге жұмсалды. Тақтаны ғарышқа жіберу идеясы Тоғызқұмалақ федерациясының бастамасымен іске асты. 5-Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жалпы бюджеті 7,7 млрд теңгені қамтыды. Мемлекет бюджетінен 5,7 млрд теңге және демеушілер тарапынан 2 млрд теңге көлемінде қолдау көрсетілді, - деп жауап берген министрлік өкілдері.