Ал екіншісі травмотология бөліміне жатқызылды
Екібастұзда екі жасөспірімді аяусыз соққыға жыққан. Жәбірленушілердің бірі жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni.
Оқиға 29 қыркүйекте болған.
Екібастұз қаласындағы колледждің 2 кәмелетке толмаған студенті түрлі жарақаттармен қалалық ауруханаға жеткізілді. Болған оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары анықтайды. Тергеу іс-шаралары жүргізіледі - деп мәлімдеді білім басқармасы.
Дәрігерлер науқастардың жағдайы ауыр деп отыр.
Беттерінде жарақат көп. Жағдайлары тұрақты ауыр. Бір науқас жансақтау бөлімінде, ал екінші науқас травмотология бөліміне жатқызылды, - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Екі кәмелетке толмағанның денсаулығына қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді, - деді облыстық ПД баспасөз қызметі.