Алматы әкімдігі қалдықтарды басқару жүйесін реформалайды

Динара Амантай
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің бапасөз қызметі

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Халықаралық қаржы корпорациясының (IFC) өкілдерімен кездесуі барысында Алматыда экологияны жақсартуға және қалдықтарды басқару тиімділігін арттыруға бағытталған әрі қалдықтармен жұмыс істеу жүйесін реформалау бойынша зерттеудің аралық қорытындылары ұсынылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Жаңа бастамалар үздік халықаралық тәжірибелер мен технологияларды ескере отырып, қалдықтарды жинау, қайта өңдеу және кәдеге жарату үшін тұрақты инфрақұрылым құруға ықпал ететін болады. IFC негізгі ұсыныстарына қалдықтарды жинау жүйесін қайта құрылымдау және кеңейту, қоқыстарды бөлек жинауды енгізу, қалдықтарды шығару жүйесін оңтайландыру, инфрақұрылымға инвестициялар тарту, қайта өңдеу қуаттарын жаңғырту, механикалық және биологиялық өңдеу, компост қондырғыларын дамыту, заманауи санитарлық полигон салу және тағы басқасы.

Зерттеу 2023 жылғы 4 қазанда Алматы әкімдігі мен IFC арасында жасалған меморандум аясында Seureca француз компаниясының IFC (175 мың АҚШ доллары) гранттық қаржы есебінен жүргізіледі. Бұл шаралар Алматыға экологиялық тұрақтылықтың жоғары стандарттарына қол жеткізуге, қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуға және қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға көмектеседі.

Анықтама үшін, Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) — бүкіл әлем бойынша экономикалық өсу мен өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал ететін жеке секторды қаржыландыруға және тұрақты дамуға маманданған Дүниежүзілік банк тобының мүшесі.