Halyq Uni логотип
×

Нұр-Сұлтанда суға шомылуға рұқсат етілген үш жер ғана бар

Тұрғындарды қалалық субұрқақтарда суға шомылу қаупі туралы ескертеді

 Қанат Атаманов 12.06.2022 | 22:30
Нұр-Сұлтанда суға шомылуға рұқсат етілген үш жер ғана бар
Фото: ашық дереккөздерден

Маусым айының басында Нұр-Сұлтан қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ресми шомылу орындары мен субұрқақтардан сынамалар алып, қала аумағындағы ашық су айдындарындағы судың сапасын тексерді.

Зертханалық зерттеулер нәтижелері бойынша Есіл, Ақбұлақ, Сарыбұлақ өзендері мен Нұра-Есіл каналының барлық су сынамаларында санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздіктер анықталды. Су айдындарында түсі бойынша – 2,71 есе, темір мөлшері бойынша – 2,3 есе және оттегін химиялық тұтыну бойынша – 1,87 есе ауытқу тіркелген.

Бүгінгі таңда елордада шомылуға арналған үш жер ғана бар. Олар – орталық саябақтағы жағажай, «Три пескаря» және «Астаналық аула» демалыс аймақтарындағы жағажайлар.

Сондай-ақ, департамент өкілдері тұрғындарды қалалық субұрқақтарда суға шомылу қаупі туралы ескертеді. Елорданың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова атап өткендей, субұрқақтардағы су жиі жаңартылмайды. Осыған байланысты Вирустық және паразиттік ауруларды жұқтыру қаупі жоғары.

Субұрқақтарда қаңғыбас иттер мен құстар шомылады. Олар әртүрлі инфекциялардың қоздырғышы болуы мүмкін. Сонымен қатар, судағы жоғары температурада микроорганизмдер тез көбейеді. Сондықтан субұрқақта шомылу суыққа ғана емес, өткір ішек инфекциясына немесе конъюнктивитке де айналуы мүмкін. Бұл ретте энтеровирустық және ротавирустық инфекциялар, сондай-ақ «А» вирустық гепатиті аса қауіпті, - деп ескертті Сархат Бейсенова.

Зертханалық зерттеулер нәтижелері бойынша «Жастар» сарайының жанындағы субұрқақтарда, «Есіл» СҮ маңында, сондай-ақ Пушкин саябағында және Абай даңғылында санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздіктер (лайлылық бойынша рұқсат етілген мәндерден 1,1-1,7 есе асып кету) анықталды.

Сондай-ақ, «Атырау» субұрқақ кешендері, Әлия Молдағұлова ескерткіші мен «Жастар» театрының суларындағы микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздіктер тіркелген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама