×

СҚО-да алименттен жалтарғандар букмекерлік кеңселерге миллиондап ақша салған

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды

 Динара Амантай 01.10.2024 | 15:27
Фото: Halyq Uni

СҚО-да алименттен жалтарғандар букмекерлік кеңселерге миллиондап бәс тіккен, деп хабарлайды Halyq Uni.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, 4,7 млн теңге көлемінде алимент бойынша берешегі бар борышкер бір жыл ішінде «1xBet» букмекерлік кеңсесіндегі өзінің аккаунтын 33,9 млн теңгеге траншпен толықтырып, ұтыс нәтижесінде 14,8 млн теңге алып шыққан.

Сол сияқты, атқарушылық іс жүргізу бойынша тағы бір борышкер 1,8 млн теңге алиментін төлемей, екі жыл ішінде «Olimpbet» букмекерлік кеңсесінде 2,5 млн теңгеден айырылған. 6 борышкерге қатысты осындай фактілер анықталды.

Ақпаратқа сәйкес, борышкерлердің букмекерлік кеңселердегі операцияның жалпы көлемі – 56 млн теңге.

Аталған фактілер бойынша ҚК-нің 139-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Ол бойынша екі жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген, – делінген прокуратура хабарламасында.

Қылмыстық істерді облыс прокуратурасы бақылауға алды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама