Бюджет қаражаты жымқырылған
ШҚО-да «КАЖСервис» басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Halyq Uni.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның Сыбайлас жесқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі мен Қауіпсіздік қызметі тексеріс барысында «КАЖСервис» ЖШС-нің Шығыс Қазақстан облыстық филиалының басшылығына қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.
Тексеріс материалдары Шығыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіне жолданды. 2024 жылғы 30 қыркүйекте тексеріс жұмыстарының нәтижесі бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 189 бабының 3 б. 1 т. сәйкес қылмыстық іс қозғалды, – делінген хабарламада.