Мердігерге айыппұл салынды
Түркістан облысында автожолдың орташа жөндеу учаскесінде ақауларды анықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мәліметінше, 29 қыркүйекте Түркістан облыстық филиал мамандары республикалық маңызы бар А-15 «Жизақ-Гагарин-Жетісай-Абай-Сарыағаш-Қапланбек-Жібек жолы» автожолының 74-220 шақырымы аралығындағы орташа жөндеу учаскесінде ақауларды анықтаған.
Автожолдың 212+600 шақырымында 1600 шаршы метр (200 метрге жуық) ауданда жаңадан төселген қиыршық тасты-мастикалық асфальтбетонның ығысуы түріндегі ақаулар табылды. Аталмыш учаскеде жөндеу жұмыстарын мердігер мекеме «ӘлемТрансЖол» ЖШС атқарып жатыр. Мердігер мекемеге барлық анықталған ақауларды жою және сол жұмыстардың сапасы мен қорытындысын растау үшін арнайы аккредиттелген зертханалар мен институттардан растайтын құжатты ұсыну тапсырылды, – делінген хабарламада.
Қазір автожол учаскесінде ақауларды жою жұмыстары атқарылып жатыр. Келісімшартқа сәйкес, мердігерге анықталған кемшіліктер бойынша айыппұл салынды.