×

Талдықорғанда жекеменшікке заңсыз берілген жерлер мемлекетке қайтарылды

Учаске саябақ аймағында орналасқан

 Динара Амантай 01.10.2024 | 13:24
Фото: Halyq Uni

Талдықорғанда Ардагерлер саябағындағы жекеменшікке заңсыз берілген жерлер мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Жетісу облысы Жер ресурстарын басқару департаменті Жер кодексін бұзу фактісін анықтады. Атап айтқанда, 35,4 гектар аумақты алып жатқан орман қорының жерлері заңсыз түрде жекеменшікке берілген. Жерлер Талдықорған қаласының саябақ аймағында орналасқан.

Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Талдықорған қаласы әкімдігінің жер учаскесін беру туралы қаулысын күшін жою туралы шешім шығарды. Аталған жер учаскелерімен байланысты сатып алу-сату, сыйға тарту және мұрагерлік құқығы туралы куәліктің барлығы жарамсыз деп танылды, – делінген АШМ хабарламасында.

Сот шешіміне қарсы жауап берушілер апелляциялық шағым берді. Жетісу облысының сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен апелляциялық шағым қанағаттандырылмай, бірінші инстанция сотының шешімі өзгеріссіз қалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама