Halyq Uni логотип
×

Мемлекеттік органдар кәсіпкерлерді заңсыз тексерген

Биыл 11 мыңнан аса кәсіпкердің құқығы қорғалды

 Дәурен Ерболат 01.10.2024 | 12:20
Мемлекеттік органдар кәсіпкерлерді заңсыз тексерген
Фото: inform.kz

Бас көлік прокуроры Тимур Сүлейменов бизнесті қорғау және көлік инфрақұрылымына инвестиция тартуды қолдау үшін шетелдік және отандық кәсіпкерлермен кездесті, деп хабарлайды Halyq Uni.

Алматыда өткен кездесуге TAVAirportsHolding (Түркия), KLVINSAAT (Түркия), Sarens (Бельгия), «Глобалинк» Транспортэйшн энд Лоджистикс Вордвайд» (Қазақстан) компанияларының инвесторлары қатысты.

Прокуратура өкілдері кәсіпкерлерді президенттің биыл 8 мамырдағы №542 Жарлығымен бекітілген инвестициялық жобаларды қолдаудың жаңа тәсілімен таныстырды.

Биыл 8 айда мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттері туралы түскен 118 өтініштің 85-і расталды. Көлік прокуратурасының құзырында жалпы сомасы 2 трлн теңге болатын 40-тан аса инвестициялық жоба бар. Жобалардың бірқатарына прокуратураның араласуы қажет болды. Себебі, олардың жүзеге асырылуында қиындықтар туындады, - деп жазылған Бас көлік прокуратурасы таратқан хабарламада.

Кәсіпкерлерді шектен тыс әкімшілік-құқықтық санкциялардан қорғаудың ең тиімді әдісі «прокурорлық сүзгі» саналады. Мысалы, KLV INSAAT ANONIM SIRKETI АҚ филиалының директоры Серкан Қаплан «Ұзынағаш-Отар» автожолын салу жобасын іске асырарда қиындыққа тап болған. Прокуратураның араласуынан кейін мәселе шешілген.

Айта кетейік, биыл елімізде 11 мыңнан аса ШОБ-тың құқығы қорғалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама