Жаңа инвестициялық қорға ақша салғандар айына 3 000 АҚШ долларына дейін пассивті пайда табады-мыс
«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы жанынан құрылған жаңа инвестициялық қорға ақша салғандар айына 3 000 АҚШ долларға дейін пассивті пайда табады. Бұл – жалған жарнама.
Қазнетте Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «ҚазМұнайГаз» компаниясы жанынан құрылған жаңа инвестициялық қордың жарнамасы белсенді түрде тарап жатыр. Шын мәнінде «ҚазМұнайГаз» компаниясының да, ҚР Президентінің де бұл қорға ешқандай қатысы жоқ. Бұған компанияның ресми сайтына кіріп, көз жеткізуге болады. Қазақстандықтарға іс жүзінде жоқ қорларға «инвестиция салу» бұған дейін де бірнеше рет ұсынылған. Желіде осыған ұқсас жарнама HalykBank атынан таратылған болатын», - дейді stopfake.kz сайтының өкілдері.