Өрттің алдын-ала себебі – техникалық ақаулық
Батыс Қазақстан облысында өрт сөндірушілер жанып жатқан автобусты сөндірді, деп хабарлайды Halyq Uni.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін Оралда Григорий Потанин көшесі бойында автобус өртенген. Жоғары температуралық әсерден жақын тұрған жеңіл автомобиль зақымданған.
Өрт жедел түрде сөндірілді. Өрттің салдарынан 1977 жылы туған жүргізуші жеңіл күйік алып, жедел жәрдем бригадасына табысталды, – делінген ТЖМ хабарламасында.
Өрттің алдын-ала себебі – техникалық ақаулық.