Ақтауда жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші жауапқа тартылды
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды
Ақтауда полиция жол ережесін өрескел бұзған 20 жастағы жүргізуші жауапқа тарты, деп хабарлайды Halyq Uni.
Жүргізуші 4 рет жол ережесін өрескел бұзған.
Lada.kz мәліметінше, полиция Mercedes Benz көлігін 20 жастағы күдікті басқарғанын анықтады.
Жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпау, көлікті пайдалану ережесін бұзу, жолдың қарсы бетіне шығу және авариялық жағдай туғызу дерегі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Mercedes Benz айыппұл тұрағына қойылды, - деп жазылған хабарламада.