Halyq Uni логотип
×

Қазақ-қытай шекарасы уақытша жабылады

Теміржол пунктері штаттық режимде жұмыс істейді

 Дәурен Ерболат 30.09.2024 | 17:47
Қазақ-қытай шекарасы уақытша жабылады
Фото: Sputnik / Кирилл Каллиников

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы көлік өткізу бекеті бірнеше күнге жабылады, деп хабарлайды Halyq Uni.

ҚХР-дың құрылған күнін мерекелеуге байланысты биыл 1 қазаннан 3 қазанға дейін Қазақстан-Қытай шекарасындағы көлік өткізу пунктерінде адамдар, көліктер мен жүктер өткізілмейді, - деп жазылған Мемлекеттік кірістер комитеті таратқан хабарламада.

Қазақ-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штатты режимде жұмысын жалғастырады.

Тасымалдаушылардан және шекарадан өтуге ниет білдіргендердің барлығы енгізілген шектеулерді ескеріп, маршрутын алдын ала жоспарлауға тиіс.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама