Енді бала дәрігерлердің бақылауында болады
Павлодарда сот мұғалімді пышақтаған оқушыға үкім шығарды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Оқыс оқиға биыл мамырда қаладағы №14 мектепте болған. Екі оқушының арасында ұрыс шығып, мұғалім оларды ажыратпақ болғанда пышақ жарақатын алған.
Полиция кісі өлтіруге оқталу бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған. 4 айдан соң оқушыға қатысты сот үкім шығарды.
Дәрігерлер жасөспірімге шизофрения диагнозын қойды.
Күдіктіге қатысты жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу шарасы қолданылсын, – деп жазылған облыстық мамандандырылған ауданаралық соттың үкімінде.
Оқушы дәрігерлердің бақылауында болады. Психикалық ауытқуы бар айыпталушы қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.